Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда патрульдік полицей дүкен төбесінен секірмек болған баланы құтқарды

Атырауда патрульдік полицей дүкен төбесінен секірмек болған баланы құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қыркүйек күні сағат күндізгі 4-тер шамасында театр аумағындағы модульдік бекетте қызметте тұрған патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Нұрбол Сайыпқа, кездейсоқ өтіп бара жатқан адам, жасөспірім баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлайды.Полицей бірден оқиға орнына бет алады.  Б.Момышұлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің екінші қабатындағы балконнан  пәтер астында орналасқан дүкеннің төбесіне түсіп, одан жерге секірмек болған жасөспірім баланы көрген Нұрбол ойланбастан, дүкеннің төбесіне көтерілді.

Кейін белгілі болғандай, 11 жастағы Диастың анасы оны үйде қалдырып, пәтерді сыртынан кілттеп, үлкен қызымен дүкенге кетеді. Бала үйде жалғыз қалады. Сол кезде белгісіз біреулер, есікті қатты соққылап, ашуды талап етеді. Қорыққан бала пәтерді ішінен кілттеп, сыртқа балкон арқылы шықпақ болады.

Диасты дүкеннің төбесінен секіруіне жол бермей, жедел қимылмен дер кезінде келіп, түсіріп алған полицей Нұрбол Сайыпқа баланың оның анасы ризашылықпен алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру