Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ПД басшылығы мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді

Атырауда ПД басшылығы мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Осы мақсатта Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев Әл-Фараби атындағы Binom school мектеп-лицейі оқушыларымен кездесу өткізіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік және жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері атап өтіліп, олардың салдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар мұндай әрекеттер үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілді.

— Жеке тұлға болып қалыптасу кезеңінде ата-ана, мұғалім және тәртіп сақшылары өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Әрбір жасөспірімнің тәрбиесі мен тәртібіне уақытылы көңіл бөлу құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда маңызды рөл атқарады, — деді Әбдіғани Сейдуалиев.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын меңгеруіне және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру