Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ПД-ның ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Атырауда ПД-ның ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасы Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке ұйымдастырды.

Іс-шара барысында тұрғындарға ішкі істер органдарында қызмет етудің артықшылықтары мен ұсынылатын жеңілдіктері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда тұрақты айлық жалақы, тегін медициналық қызмет, жалдамалы тұрғын үйге берілетін өтемақы, жылына 45 тәулікке дейін ақылы еңбек демалысы, мемлекет тарапынан төленетін ипотекалық бағдарлама арқылы баспана алуға мүмкіндік, Атырау облысында бір жылдық қызмет өтілінің бір жарым жыл ретінде есептелуі, зейнеткерлікке ерте шығу мүмкіндігі және нысанды киіммен тегін қамтамасыз етілу сынды әлеуметтік кепілдіктер қарастырылғаны айтылды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарына алғаш рет қызметке кіретін азаматтардың, яғни қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына орналасушылардың мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органда тестілеуден өтпей-ақ қабылданатыны туралы да мәлімет берілді.

Қызметке қабылдану талаптары: 18 жастан асқан, 35 жастан аспаған; денсаулығы бойынша қызметке жарамды; орта, орта-арнаулы немесе жоғары білімінің болуы.

Ішкі істер органдарының қатарына қосылуға ниетті азаматтар Атырау облысы полиция департаментіне хабарласа алады.

Мекенжай: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 55. Байланыс нөмірлері: 98-24-44, 98-21-77

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру