Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіретін бейнежазба таратқан азамат анықталды

Атырауда полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіретін бейнежазба таратқан азамат кешірім сұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қаңтар күні «Instagram» әлеуметтік желісінде белгісіз азамат өзінің алкогольдік ішімдік ішкен күйде патрульдік полицияның арнайы көлігін шақырып, полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруі арқылы көлік жүргізіп келе жатқандығы жөнінде бейнежазба таратқан.

Аталған бейнежазбаны тексеру кезінде Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері бейнежазбаны түсірген 1981 жылы туған қала тұрғынын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) әкімшілік хаттама толтырып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салды.

Аталған азамат өзінің полиция қызметкерлерін шақырмағанын және істеген іс-әрекеттеріне өкінетінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру