Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер ауласына 47 түп қарасора еккен күдіктіні ұстады

Атырауда полицейлер ауласына 47 түп қарасора еккен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында полиция облыс прокуратурасымен бірге “Қарасора” жедел іздестіру іс-шарасы кезінде ауласына 47 түп қарасора өсірген күдіктіні ұстады. 64 жастағы күдікті тұрғылықты тұратын үйінің ауласының қоршауын көрінбейтіндей етіп жабдықтаған. Тінту жүргізу кезінде ауладан тәртіп сақшылары 8 келі 800 гр болатын 47 қарасора бұтасын тәркіледі.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, Атырауда “Қарасора – 2024” арнайы операциясы кезінде полицейлер барлығы 58 есірткі қылмысының жолын кескен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру