Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер Халықаралық кітап сыйлау күніне орай әріптестеріне кітап тарту етті

Атырауда полицейлер Халықаралық кітап сыйлау күніне орай әріптестеріне кітап тарту етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінде 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ерекше шара өтті. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары бір-біріне сүйікті кітаптарын сыйлап, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға өз үлестерін қосты.

Бұл бастаманың басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және полиция қызметкерлерінің мәдени деңгейін көтеру. Департамент басшылығы кітаптың адам ой-өрісін кеңейтетінін, кәсіби және тұлғалық дамуға ықпал ететінін атап өтті.

Жылы жүздесу барысында полицейлер өздері сүйіп оқитын шығармаларын әріптестеріне тарту етіп, әдебиет жайында пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар тек зияткерлік деңгейдің артуына ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, қоғаммен байланысты күшейтуге де ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру