Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер колледж студенттерімен кездесті

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы мақсатта Атырау облысы полиция департаменті мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 200-ге жуық студенттің қатысуымен APEC PetroTechnic жоғары колледжінде “Заң мен тәртіп” тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, соның ішінде есірткі қылмысы мен интернет-алаяқтықтың алдын алу.

Кездесуге Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, поМарьяна Джангалиева және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Дәурен Мұханбеталиев қатысып, студенттерге елімізде тіркеліп жатқан есірткі қылмыстары мен интернет-алаяқтық түрлері туралы жан-жақты ақпарат берді. Олар психотропты заттардың адам денсаулығына тигізер зияны мен оны тасымалдаудағы заң алдындағы жауапкершілік туралы, сондай-ақ онлайн алаяқтардың алдау тәсілдері мен оларға алданып қалмау жолдарын түсіндірді.

Полиция қызметкерлері жастарды өз құқықтары мен міндеттерін білуге, кез келген күмәнді жағдайлар туралы дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру