Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Атырауда полицейлер мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеңістің 80 жылдығына орай Атырау қаласында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған салтанатты шара өтті. Дәстүрге сай Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге тағзым етті.

— Бұл қанды соғыс мыңдаған отбасыға қасірет әкелді. Отан үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың ерлігі — бүгінгі бейбіт тіршілігіміздің негізі. Сол себепті өскелең ұрпақ бұл тарихты ұмытпауы тиіс. Біз әрдайым Жеңіс жолында жанын берген ардагерлерге құрмет көрсетіп, бас иеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Ел үшін жасалған ерлік ешқашан ұмытылмайды, — деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Бұл шара жас буынға патриоттық рух пен отансүйгіштік қасиетті сіңіруге бағытталған.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру