Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер қызмет бабында қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевті еске алды

Атырауда полицейлер қызмет бабында қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевті еске алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевті әріптестері құрметпен еске алды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері батыр әріптесінің суретіне гүл шоқтарын қойып, оның ерлігін ілтипатпен еске түсірді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 21 наурызы күні сағат 21:52-де "102" жедел басқару орталығына белгісіз адамның орталық көпірден өзенге секіргені туралы хабарлама түскен болатын. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев еш ойланбастан мұздай суға секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқаруға ұмтылды. Қатты ағыс пен судың суықтығына қарамастан, ол әйелдің өмірі үшін соңына дейін күресті. Әйел аман қалды, алайда Шалқар өзеннің ағысымен кетіп, қайта шыға алмады. Оның денесі бірнеше сағаттан кейін, түнгі 00:50 шамасында оқиға орнынан төменірек жерден табылды.

Шалқар Ақымғалиевтің ерлігі – адалдық пен батылдықтың, адамгершілік пен антқа беріктіктің асқақ үлгісі. Ол өз өмірін құрбан етіп, өзгенің өмірін сақтап қалды.

Бүгінде оның есімі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталып, ерлігі жас полицейлер үшін нағыз өнегеге айналған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру