Атырауда полицейлер шетелдік заңсыз такси жүргізушілерін анықтады
Атырауда полицейлер шетелдік заңсыз такси жүргізушілерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласында көші-қон заңнамасын бұзып, еңбек қызметін рұқсат алмай жүзеге асыратын шетел азаматтарының такси қызметін ұсыну жағдайлары тіркелуде. Шетел азаматтары жолаушыларды тасымалдауға рұқсаты болмаса да, арнайы қосымшалар қызметтерін пайдаланады.
Осы ретте, патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 2-бөлімі, яғни жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу дерегін анықтау бойынша арнайы рейдтік іс-шара өткізді. Шара барысында көлік басқарған шетел азаматтарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.