Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер вокалдық байқау-фестивалінде бақ сынады

Атырауда полицейлер облыстық вокалдық байқау-фестивалінде бақ сынады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырауда полицейлер арасында ІІО-дағы мәдени-шығармашылық әлеуетті сақтау, көркем өнерпаздықты дамыту және жеке құрамның бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында “Міндет, абырой, ерлік” атты облыстық вокалдық байқау-фестивалі өтті.

Ауқымды шараға департамент қызметкерлері мен қалалық полиция басқармасы, аудандық бөліністерден жиналған 13 көркемөнерпаз қатысты. Байқау шартына сәйкес жеребе бойынша қатысушылардың реттік нөмірі анықталып, әрбір қатысушы ұлтжандылыққа толы патриоттық рухты оятатын әндерді шырқады. Бақ сынасқан полицейлер арасынан топты жарып Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлерінен құралған Квинтет 1-орынды алды. 2-орынды Исатай ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция иснпекторы Рима Қарағойшиева жеңіп алса, 3-орынды Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасы кезекші бөлімінің Сейлхан Қайруллин қанжығасына байлады.

Айта кету керек, байқау жеңімпаздары 21-23 қазан аралығында Астана қаласында өтетін республикалық фестивальға жолдама алды. Атырау облысы атынан өнер көрсететін жезтаңдай әнші қызметкерлерге сәттілік тілейміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру