Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер "Жас сақшы" полиция сыныбына нашақорлықтың алдын алуға бағытталған дәріс өтті

Атырауда полицейлер "Жас сақшы" полиция сыныбына нашақорлықтың алдын алуға бағытталған дәріс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушыларына нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткінің зияны туралы түсінікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі қылмысының алдын алу.

Кездесу барысында оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны түсіндірілді. Сондай-ақ интернет арқылы таралатын есірткі жарнамалары мен заңсыз әрекеттерге тарту тәсілдері туралы айтылып, мұндай жағдайлардан сақ болу жолдары түсіндірілді. Жасөспірімдерге заң алдындағы жауапкершілік және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері де кеңінен баяндалды.

Жиын соңында жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, заң талаптарын сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, мұндай профилактикалық кездесулердің маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру