Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер жазғы лагерьдегі балаларға қауіпсіздік негіздерін түсіндірді

Атырауда полицейлер жазғы лагерьдегі балаларға қауіпсіздік негіздерін түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысының Индер ауданындағы "Жас Өркен" жазғы лагерінде балалардың демалыс кезеңінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда. Бұл шаралар әсіресе құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында жүргізіліп келеді.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері лагерьде демалып жатқан жасөспірімдермен тұрақты кездесулер өткізіп, қоғамдық орындарда, табиғат аясында және тұрмыста өзін-өзі ұстау мәдениеті бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әр лагерьге жауапты полиция инспекторлары бекітіліп, олар апта сайын балалармен кездесіп, қауіпсіздік ережелерін ұғындыруда.

Бүгінгі таңда лагерьдің төрт ауысымында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, серуен мен экскурсия барысында және су айдындарында демалатын кезде қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше назар аударылуда.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары тәрбиешілер мен лагерь әкімшілігіне балаларды су маңында ересектердің қарауынсыз қалдырмау туралы қатаң ескерту жасап, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нұсқаулықтар ұсынды.

Бұл шаралар – жазғы демалысты бала үшін қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуге бағытталған маңызды бастама.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру