Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер жол қозғалысын реттеу үшін жасанды интеллекті қолдануда

Атырауда полицейлер жол қозғалысын реттеу үшін жасанды интеллекті қолдануда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

‍Атырау қаласында жол қозғалысын басқару мен көлік ағымын оңтайландыру мақсатында “ақылды бағдаршамдар” жобасы іске асырылуда. Жүйе заманауи технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, қала көшелеріндегі қозғалысты тиімді реттеуге бағытталған.

Қазіргі уақытта бағдаршамдар сынақ-тестілеу режімінде жұмыс істеуде. Осы кезеңде қала тұрғындары тарапынан кейбір қиылыстарда қосымша бағыттауыш жасыл жебелер мен "жасыл плюс" сигналының болмауына байланысты ұсыныстар мен ескертпелер түсіп жатыр.

Аталған ұсыныстар ескеріліп, қосымша бағыттауыш жебелерді орнату жұмыстары Атырау қаласы әкімдігі мен қалалық полиция басқармасы тарапынан мердігер ұйыммен бірлесе отырып жүзеге асырылмақ.

Бүгінде қала аумағында 78 бағдаршам орнатылған: оның ішінде Азия жағында – 42 (соның 3-і жаяу жүргіншілерге арналған), ал Еуропа жағында – 36 (2-і жаяу жүргіншілерге арналған).

Жоба аясында 160 мыңнан астам дерек жүйеге енгізіліп, арнайы талдау алгоритмдері арқылы көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысын оңтайландыру көзделуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру