Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында полиция 16 келі қарасора өсірген аудан тұрғынын анықтады

Атырауда полиция 16 келі қарасора өсірген аудан тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Индер аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, “Қарасора - 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі өсірумен айналысқан Индер ауданының тұрғынын ұстады. Тінту кезінде тұрғылықты мекенжайынан 16 келі қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденбейінше, ол қылмыс жасаған деп есептелмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру