Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полиция мас күйде мопед тізгіндеген жүргізушілерді тоқтатты

Атырауда полиция мас күйде мопед тізгіндеген жүргізушілерді анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында мопед пен мотоцикл жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері жиілеп келеді. Көлік саны артқан сайын, жол-көлік оқиғаларының қаупі де күшейіп отыр.

Осыған байланысты Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар өткізуде.

Іс-шара барысында 26 шілде күні екі мопед жүргізушісі тоқтатылып, тексеру кезінде 66 және  28 жастағы азаматтардан алкоголь иісі сезілген. Медициналық сараптама нәтижесінде олардың жеңіл дәрежеде мас күйде көлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 және 6-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Мопед көлік құралдары айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларына мас күйде көлік басқару — тек өз өміріңізге емес, айналаңыздағы адамдардың өміріне де қауіп төндіретін ауыр құқық бұзушылық екенін ескертеді.

Жол ережелерін сақтау — тек заң талабы емес, бұл әр азаматтың жауапкершілігі мен қауіпсіздікке қосқан үлесі. Профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру