Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полиция қызметкерлері ер адамның өмірін құтқарып қалды

Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған азаматты аман алып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

18 желтоқсан күні Атырау қаласындағы жедел басқару орталығының қызметкерлері -  Салтанат Урынбаева мен Айгүл Адракова бейнебақылау камералары арқылы Алиев көпірінде белгісіз бір азаматтың секіруге әрекет жасап тұрғанын анықтады.

Алынған ақпарат бойынша оқиға орнына жедел түрде учаскелік полиция инспекторлары Ерболат Сапашев пен Бағытжан Сабырғалиев, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Сұлтан Сапарғалиев пен Нұржан Ахметжан жетті. Олар көпір үстінде 45 жастағы ер адамның суға секіруге дайындалып тұрғанын байқап, оған жақындап, сабырға шақырып, тілдесу жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен батыл әрекеттерінің нәтижесінде азамат қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы ер адамның бұл қадамға бару себептерін анықтау мақсатында тиісті тексеру және тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру