Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полиция қызметкерлері оқушылардың ата-аналарымен кездесті

Атырауда полиция қызметкерлері оқушылардың ата-аналарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысының полицейлері «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» негізінде есірткіні тұтынудың алдын алу бағытында бірқатар іс-шара өткізіп жатыр.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ювеналды полиция бөлімімен бірлесіп, №17 жалпы білім беретін орта мектебінің жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесті. Жиын барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігі және қазіргі күні қоғам дертіне айналған синтетикалық есірткінің жасөспірімдер арасында таралуының алдын алу, балалардың мінез құлқы мен жүріс-тұрысына мән берілу керек екені айтылды.

– Нашақорлық – бүгінгі күннің ең қауіпті тәуелділік дерттерінің бірі. Ол адам өміріне ғана емес, қоғамға қауіпті. Біз жауапты сала қызметкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кездесулер, акциялар, дөңгелек үстел, танымдық іс-шара және спорттық сайыстарын ұйымдастырып тұрамыз. Басты мақсат – салауатты өмір салтын ұстанып, балаларды жат қылықтардан аулақ болуға шықыру, – деді Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру