Атырауда пробация қызметінің есебіндегі азаматтар футбол турниріне қатысты
12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Атырау облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жарысқа қоғамдық сауда орындарының қызметкерлері мен Атырау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар белсене қатысты.
Барлығы 16 адамнан аспайтын құраммен 16 команда бақ сынасқан додада пробация қызметінің командасы жүлделі 8-орынға ие болды. Жарысқа қатысқан азаматтардың белсенділігі еленіп, олар Атырау қалалық пробация қызметінің арнайы дипломдарымен марапатталды.
Турнир жастар арасында футболды насихаттау арқылы денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат етіп, үлкен ықыласпен ұйымдастырылған еді.