Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда профилактикалық мақсатта «Мен және әкем» тақырыбында спорттық іс-шара өтті

Атырау облысы полицейлерінің ұйымдастыруымен профилактикалық мақсатта «Мен және әкем» тақырыбында спорттық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес және 18 маусым – Халықаралық әкелер күніне орай, Атырау Көлік және коммуникациялар колледжінің студенттері арасында «Мен және әкем» тақырыбында спорттық сайыс өтті.

Іс-шараның мақсаты – әке мен бала арасындағы отбасылық қарым-қатынасты нығайту, салуатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Аталған іс-шараға Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева, Атырау облысы білім беру басқармасының әдіскері Қуаныш Шариполлаев пен «Bagdat Food» компаниясының өкілі Дильназ Рахманова арнайы шақырылып, отбасылық 6 команда ойынын тамашалады.

Спорттық сайыстың нәтижесі бойынша бірінші орынды ГЭС-23 тобы иеленді, екінші орынды АШ-23 тобы алса, үшінші орынды АК-23 тобы қанжығаға байлады.

Барлық командалар грамоталармен, алғысхаттармен және «Bagdat Food» компаниясының «фирмалық комбо» сертификатымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру