Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда психотропты зат сатқан 22 жастағы Өзбекстан азаматшасы ұсталды

Атырауда психотропты зат сатқан 22 жастағы Өзбекстан азаматшасы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жұмыскер мөлтек ауданына есірткіге ұқсас зат жасырып кеткен Өзбекстан елінің 22 жастағы азаматшасын анықтап, ұстады. Күдіктінің жасырғаны “Альфа-PVP” психтропты заты екені белгілі болды. Айтуынша, ол оны Telegram желісі арқылы сатып алған.

– Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру