Атырауда психотроптық дәрілерді заңсыз тасымалдаған екеу ұсталды
Атырауда психотроптық дәрілерді заңсыз тасымалдаған екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
1 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында Жедел басқару орталығының хабарлауымен Молдағалиев көшесі 26 үй шамасында Nissan автокөлігі күдікті ретінде тоқтатылды. Автокөлік салонын тексеру кезінде 52 дана трамадол, 67 тропикамид психотроптық дәрілері анықталды.
Дәрігердің рұқсатымен ғана берілуі тиіс бұл дәрілерді заңсыз тасымалдаған 31 жастағы екі адамға қатысты іс қозғалып, тіркеуге алынды. Бұндай көлемдегі дәрілермен еш қорқынышсыз қаланың әр шетіне қатынап жүрген күдіктілердің негізігі мақсаты белгісіз.
Әзірше күдіктілер қамауға алынып, тексеріс шаралары жүргізілуде.
Айта кетейік, ұсталған күдіктінің бірі ҚР ҚК-нің 191-бабының бірінші бөлігі бойынша бұрын іздеуде тұрған күдікті екені анықталды.