Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда қарақшылық қылмысты "ізін суытпай" ашып, күдіктіні қолға түсірген полицейлер марапатталды

Атырауда қарақшылық қылмысты "ізін суытпай" ашып, күдіктіні қолға түсірген полицейлер марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер үшін қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев осы бағытта қызметтік борышын адал атқарып, қарақшылық қылмысты жедел ашып, күдіктіні дер кезінде құрықтаған бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Қызметкерлер жедел-іздестіру шараларын кәсіби деңгейде ұйымдастырып, қылмыстың ізін суытпай ашуға қол жеткізді. Сонымен қатар азаматтардың өтініштері мен хабарламаларына уақытылы барып, әрбір дерек бойынша сапалы жұмыс жүргізіп, заң аясында нақты шешімдер қабылдады. Кәсібилік көрініс тапқан қызметтің сапасы тұрғындар тарапынан оң бағаланды.

- Қылмыстың алдын алу мен оны жедел ашу – табандылық пен кәсібиліктің нәтижесі. Сіздер халық сенімін ақтап, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында үлгі боларлық жұмыс атқарып отырсыздар, - деді департамент бастығы Оңал Бекеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру