Атырауда ҚАЖ қызметкерлері қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады
Атырауда ҚАЖ қызметкерлері қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен мерекелік салтанатты шара өтті.
ҚАЖ департаментінің бастығы Манарбек Габдуллин мерекелік іс-шараны ашып, қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып жүрген нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтады.
Ішкі істер органдарының әйел ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен шын жүректен құттықтап, отбасыларына бақыт, қызметтеріне толағай табыс тілеп, шын жүректен алғысын білдірді.
ҚАЖ саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, ҚАЖК төрағасының, Атырау облысы әкімінің алғыс хаттары мен Полиция департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының бұйрығына сай марапаттамалар табысталды.
Шараға қатысушы қонақтардың назарына жеке құрамның күшімен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Мереке соңы ҚАЖД ардагерлерінің ұйымдастыруымен ішкі істер органдарында қызмет еткен ардагерлерді еске түсіру мақсатында мұражайға экскурсия жасауымен аяқталды.