Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ҚАЖД қызметкерлері Ауған соғысының ардагерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Атырауда ҚАЖД қызметкерлері Ауған соғысының ардагерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және оған қарасты мекемелердің қызметкерлері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ауған соғысының ардагері, ҚР ІІМ ҚАЖ органдарының ардагері Ризабек Ғалымжанұлына арнайы барып, құрмет көрсетті.

Шараның басты мақсаты – ел қорғаны болған ардагерлерге ризашылық білдіру және жас буынға патриоттық тәрбие беру. ҚАЖД қызметкерлері ардагердің шаңырағына барып, сый-сияпат табыстап, ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында Ризабек Ғалымжанұлы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, бұл кездесудің оның өміріндегі ерекше сәттердің бірі болғанын атап өтті.

– Бүгінгі бейбіт өмір – Тәуелсіздіктің жемісі. Ел тыныштығы жолында қызмет етіп жүрген жастарға табыс тілеймін. Осындай ықылас пен ілтипат – біз үшін үлкен мәртебе, – деді ардагер.

ҚАЖ департаментінің басшылығы мұндай тағылымды кездесулер дәстүрге айналып, алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Бұл – ерлікке тағзым, тарихқа құрмет және жас ұрпаққа үлгі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру