Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда "Қорғау-Сергек" қосымшасы арқылы 28 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Атырауда "Қорғау-Сергек" қосымшасы арқылы 28 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қорғау-Сергек" цифрлық қосымшасы қала аумағында жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бұл заманауи жүйе бүгінде құқық бұзушылықтардың алдын алып, жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тиімді құралдардың біріне айналды.

Жыл басынан бері Атырау облысының аумағында "Қорғау-Сергек" қосымшасының көмегімен 28 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Атап айтқанда, көлік құралына жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін орнатқан 34 жүргізуші анықталды. Сонымен қатар көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 385 жүргізуші заң бұзған.

Бұдан бөлек, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарған 2 810 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Ал техникалық байқаудан өтпеген автокөлікті пайдаланған 4 786 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар айыппұлдарын белгіленген мерзімде төлемеген борышкерлер де анықталып, олардың берешектері мәжбүрлеп өндірілді. Бұл өз кезегінде жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, заң талаптарын сақтауға оң ықпалын тигізуде.

Жол қозғалысын бақылауда автоматтандырылған жүйелердің рөлі ерекше. "Қорғау-Сергек" қосымшасы арқылы жол-көлік оқиғаларының туындауына әсер ететін себептер мен жағдайларға тұрақты түрде талдау жүргізіліп, оның нәтижесінде апаттардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру