Атырауда "Қорғау-Сергек" қосымшасының көмегімен 8 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Атырауда "Қорғау-Сергек" қосымшасының көмегімен 8 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел басқару орталығы – қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаяу және автопатрульдердің іс-әрекеттерін үйлестіру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерінде маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні Атырау қаласында орталық 8 мыңнан астам бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық қауіпсіздікті бақылауда ұстайды. Бұл жүйе қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, қоғамдық тәртіпті сақтауға тиімді мүмкіндік береді.
Полиция қызметкерлері "Индора", "TargetEYE", "Қорғау-Сергек" сияқты ақпараттық бағдарламалармен жұмыс істейді. Бұл жүйелер құқық бұзушылықтарды жедел тіркеуге және жоюға үлкен көмек көрсетуде. Мысалы "Қорғау-Сергек" қосымшасының көмегімен 2025 жылдың басынан бері Атырау облысында 8615 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Ал "Кибер-шериф" жүйесі арқылы жылдамдықты арттыру бойынша 3094, мас күйінде көлік басқарудың 117 дерегі анықталды.
Жол қозғалысын бақылауда автоматтандырылған жүйелердің маңызы зор. Бұл қосымшалар жол-көлік оқиғаларының себептерін талдап, олардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.