Атырауда қызметте үздік нәтиже көрсеткен полицейдің ата-анасы марапатталды
Атырауда қызметте үздік нәтиже көрсеткен полицейдің ата-анасы марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаменті Махамбет аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әділ Үмбетқалиев қоғамдық тәртіп пен халықтың тыныштығын қамтамасыз ету жолында адал еңбек етіп келеді. Ол облыс көлемінде өткен "2025 жылғы Үздік маман" байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл жетістік – оның табандылығы мен кәсібилігінің ғана емес, ата-анасының берген өнегелі тәрбиесінің жемісі. Осыған байланысты Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің атынан Әділ Үмбетқалиевтің ата-анасына марапат табыстады.
- Әрбір тәртіп сақшысының жетістігінің артында ата-анасының еңбегі мен отбасының қолдауы тұрады. Осындай өнегелі тәрбиенің арқасында Әділ сияқты абыройлы азаматтар қалыптасып, елге адал қызмет етіп жүр. Бұл марапат – ата-аналарға деген алғыс пен құрметтің белгісі, – деді департамент бастығының орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев.