Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда санитарлық нормаларды сақтамаған кәсіпкерлік нысандары анықталуда

Атыраулық полицейлер санитарлық нормаларды сақтамаған кәсіпкерлік нысандарын анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері әкімдіктің, прокуратураның, өңірлік тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімдерінің қызметкерлерінен құралған мобильді топтар құрамында 22 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында Авангард 3 шағын ауданында орналасқан “Хачапури” мейрамханасының сағат 20:00-ден кейін жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Тексеру барысында аталған мейрамхананың ішінде шамамен 50-ге жуық адам болған.

Бұдан басқа, сол күні сағат 23:00 шамасында Х.Досмұхамбетов көшесінде орналасқан “Иверия” азық-түлік дүкенінің сағат 22:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, карантин талаптарын бұзғаны анықталды.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған құжаттар Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданатын болады.

Айта кетейік, Атырау облыстық бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарына сағат 20:00-ге дейін, азық-түлік дүкендеріне сағат 22:00-ге дейін ғана жұмысын жалғастыруға рұқсат етілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру