Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда сақтандыру құжатынсыз жүрген 200-ге жуық жүргізуші анықталды

Атырауда сақтандыру құжатынсыз жүрген 200-ге жуық жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында мамыр айының бірінші аптасында іске қосылған «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» бағдарламасымен жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер дер кезінде анықталуда. Полицейлер жаңа бағдарлама қосылғаннан бері жол ережесін бұзған 250-ден астам көлік иесі жауапқа тартты. Оның ішінде 200-ге жуық жүргізуші сақтандыру құжатынсыз жүргені үшін анықталды.

16 мамыр сағат 08:36 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Ш. Уалиханов көшесі бойынан “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” қосымшасы арқылы Mitsubishi автокөлігінің көрінеу жалған мемлекеттік белгімен жүргендігін анықтады

Аталған автокөлік дереу тоқтатылып, оның 22 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлімімен (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Айта кетейік, қолданысқа енгізілген бағдарламамен Атырау ҚПБ патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық шараларды күнделікті атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру