Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды

Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Цифрлық өткізу" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 43 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында оның иелігінен жалпы салмағы 23 грамм "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі табылды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы мен ҚПК-нің 19-бабы 1-бөліміне сәйкес, күдікті сот үкімімен кінәлі деп танылғанға дейін жасалған қылмысқа кінәлі деп саналмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру