Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда "Спорт — нашақорлыққа қарсы" ашық турнирі ұйымдастырылды

Атырауда "Спорт — нашақорлыққа қарсы" ашық турнирі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облыстық UWW Грэпплинг күрес федерациясының ұйымдастыруымен "Спорт — нашақорлыққа қарсы" атты ашық турнир жоғары деңгейде өтті. Бұл спорттық шараға 500-ден астам қала тұрғыны, әртүрлі жас ерекшеліктері бар спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтау үшін күресті. Турнирге Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығының орынбасары Роман Ермұханов пен аға жедел уәкіл Марьяна Джангалиева арнайы қатысып, өздерінің қолдауын білдірді.

Турнирдің басты мақсаты — спорт арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі қылмысын болдырмау және нашақорлықтың алдын алу. Жарыс барысында спортшылар әртүрлі салмақ дәрежелерінде өз шеберліктерін көрсетіп, күш-жігерлерін ортаға салды.

Қатысушылардың арасынан 180 спортшы үздік атанып, алтын, күміс және қола жүлделерді иеленді. Жеңімпаздарға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

— Жастардың денсаулығы — еліміздің салауатты болашағының кепілі. Күрес сияқты спорт түрлері жасөспірімдерге өз қабілеттерін шыңдап, жеңіске ұмтылу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Спортқа деген сүйіспеншілікті ояту — біздің басты міндетіміз, — деп атап өтті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығының орынбасары Роман Ермұханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру