Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда студенттерге арналған “Өзіңнен баста! Өзіңді қорға!” жобасы басталды

Атырауда студенттерге арналған “Өзіңнен баста! Өзіңді қорға!” жобасы басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ішкі істер министрлігінің бастамасымен, облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен “Өзіңнен баста! Өзіңді қорға!” атты әлеуметтік жобаның алғашқы дәріс-тренингі өтті.

Бұл жоба – қоғамда әйелдер мен жастарға қатысты зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Пилоттық кезеңнің дәл осы университеттен басталуы да кездейсоқ емес, өйткені студент жастар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда негізгі мақсатты топ болып саналады.

Алғашқы тренингке студенттер мен жас оқытушылар қатысты. Дәрісті Атырау облысы полиция департаментінің спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спортшылар өткізді. Әлем чемпиондары қатысушыларға өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйретіп қана қоймай, өмірлік маңызды кеңестерімен бөлісті.

Тренинг мазмұны:

  • шабуыл кезіндегі өзін-өзі қорғау әдістері;

  • қауіпті жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары;

  • ықтимал қатерді алдын ала тану дағдылары;

  • тәжірибелік қорғаныс жаттығулары.

Шара барысында полиция өкілдері мен университет әкімшілігі жобаның маңызына тоқталып, жастарды белсенділікке шақырды.

Жоба жаттықтырушысы атап өткендей:

— Мұндай сабақтар арқылы біз тек қорғаныс дағдыларын ғана емес, құқықтық мәдениетті де қалыптастырамыз. Әсіресе қыз балалар шабуыл кезінде сасып қалмауы тиіс. Қарапайым, бірақ тиімді тәсілдер олардың сенімділігін арттырады, – деді ол.

Алғашқы тренингке онлайн тіркеуден өткен 100-ге жуық студент қатысты. Алдағы уақытта мұндай сабақтар аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп, барлық қатысушылар үшін тегін болады.

“Өзіңнен баста! Өзіңді қорға!” жобасы алдағы уақытта Атыраудағы басқа да оқу орындарында және қала тұрғындары арасында жалғасын табады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары, жаңа тренингтер мен ашық кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру