Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда студенттерге есірткі қылмысының зардабы түсіндірілді

Атырауда студенттерге есірткі қылмысының зардабы түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты жалғастыруда. Соның аясында басқарманың аға жедел уәкілі  Марьяна Джангалиева Атырау индустриалдық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты — жас буын арасында есірткінің зияны туралы түсінікті кеңейтіп, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ заңсыз айналымға жол бермеу. Кездесу барысында Марьяна Джангалиева есірткі тұтынудың ауыр салдары, заңдық жауапкершілік және бұл әрекеттердің болашаққа тигізер кері әсері туралы жан-жақты түсіндірді. Ол нақты оқиғалар негізінде мысалдар келтіріп, жастарды бейқамдықтан сақ болуға және өмірлік дұрыс таңдау жасауға үндеді.

Диалог форматында өткен жиында студенттер белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Мұндай ашық әрі мазмұнды кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, есірткіге қарсы тұрар ішкі ұстаным мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Полиция департаменті тарапынан ұйымдастырылған бұл бағыттағы алдын алу шаралары өңірдегі оқу орындарында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру