Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда студенттерге отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында танымдық дәріс өтті

Атырауда студенттерге отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында танымдық дәріс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаменті "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" республикалық акциясы аясында жастар арасында алдын алу шараларын белсенді жүргізіп келеді. Осыған орай департаменттің отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторлары Анаргүл Бақтыгереева мен Эльвира Есенғалиева Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттерімен кездесу өткізіп, "Жергілікті полиция қызметі" тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шараның басты мақсаты – болашақ құқық қорғау мамандарына қоғамда кең таралған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың мәнін ашып, оны болдырмау жолдарын үйрету. Зорлық-зомбылық – тек заң бұзушылық емес, адамгершілікке жат, өркениетті қоғамға тән емес әрекет екенін түсіндіру негізгі өзекке айналды.

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, инспекторлармен еркін пікір алмасты. Практикалық мысалдармен өрілген дәріс студенттерге зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық көмек алу жолдары бойынша нақты әрі пайдалы мәліметтер берді.

Мұндай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттарын терең түсінуге ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру