Атырауда студенттерге ҚР ІІМ-нің оқу орындарына қабылдау ережелері жан-жақты түсіндірілді
Атырауда студенттерге ҚР ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарына қабылдау ережелері жан-жақты түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміздің ертеңі – білімді де патриот жастардың қолында. Мемлекеттің өсіп-өркендеуі тікелей өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім деңгейіне байланысты болғандықтан, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың сапалы білім алуына, дұрыс мамандық таңдауына және қоғамдағы орнын табуына ерекше мән беріп келеді. Осы тұрғыда, болашақ мамандардың дұрыс бағыт-бағдар алуын қамтамасыз ету – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Атырау облысы полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері Атырау бизнес және құқық колледжінің студенттерімен кездесіп, ҚР Ішкі істер органдарында қызмет етуді мақсат тұтқан жастарға ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптарын түсіндірді. Кездесу барысында тәртіп сақшылары болашақ құқық қорғау саласының мамандарына полиция қызметінің негізгі міндеттері, артықшылықтары және бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызды екені туралы кеңінен баяндады.
Кездесу барысында студенттерге полиция қызметіне үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар мен ҚР ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарына қабылдау ережелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында, құқық қорғау органдарындағы қызметтің маңызы мен ерекшеліктері кеңінен айтылды.
Кездесу соңында тәртіп сақшылары студенттердің көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, оларды қызықтырған мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берді.