Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда студенттерге зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары түсіндірілді

Атырауда студенттерге зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары түсіндірілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда бірнеше колледжден келген 150-ге жуық студенттерге зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Атырау қаласы полиция басқармасының отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімше бастығы Айгерім Орақбаева, Атырау облысы жастар мәслихатының депутаты және психология ғылымдарының магистрі қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіндіру, сондай-ақ қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру болды.

Кездесу барысында “Зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық және құқықтық салдары, өзін-өзі қорғау әдістері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ студенттерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белгілерін анықтау, құқық қорғау органдарына жүгіну жолдары және осындай жағдайлардың алдын алу тәсілдері түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру