Атырауда тәртіп сақшылары ұлттық киімдер шеруіне қатысты
Атырауда тәртіп сақшылары ұлттық киімдер шеруіне қатысты, - деп хабарлайды Polisia kz.
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бұл күн қазақ мәдениетін терең сезініп, ұлттық құндылықтарды бағалауға және нығайтуға мүмкіндік береді. Ұлттық киім – бірлігіміз бен рухымыздың символы, оны кию арқылы өз тарихымызға, салт-дәстүрімізге құрмет көрсетеміз.
Атырау облысында Наурызнама мерекесінің 10 күндігі аясында Ұлттық киім күніне орай шеру ұйымдастырылды. Шараға 3 мыңнан астам тұрғын қатысты. Жергілікті тәртіп сақшылары мен басқа да қатысушылар ұлттық киімдерде шараға қатысып, мерекелік көңіл-күйді бірге атап өтті.
Бұл іс-шара Қазақстанның бай мәдениеті мен тарихын дәріптеудің, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың айрықша мүмкіндігі болып табылады.