Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда тәртіпке бағынбаған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Атырауда тәртіпке бағынбаған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Атырау қалалық сотында 17 қазан күні пробациялық бақылаудағы азаматқа қатысты сот отырысы өтті. Ол сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. Пробация қызметі азаматтың бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолдаған. Сот қаулысымен азаматшаның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, тергеу изоляторына қамалды.

Тәртіп бұзған тұрғын сот қаулысы 15 күннен кейін күшіне енген соң, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жазасын өтеуге жіберіледі.

– Р.есімді азаматша сот жүктеген міндеттерді орындамаған, яғни тіркеуге келмей, сотпен тағайындалған мәжбүрлі еңбегін орындамаған. Бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, хаттама толтырылған. Бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 9 ай 10 күн бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, ҚАЖ мекемелеріне өтеуге жіберілді, – деді пробация қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру