Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда тасжолда дрон арқылы жол ережесін бұзу деректері анықталды

Атырауда тасжолда дрон арқылы жол ережесін бұзу деректері анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Атап айтқанда Доссор - Бейнеу бағытындағы республикалық маңызы бар тас жолда автокөліктер тоқтатылып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар дрон әуе камерасы арқылы көлік құралдарының қарсы бағытқа шығуы, авариялық жағдай туғызу, маневр жасау ережелерін бұзу сияқты жол қозғалысы ережесін бұзу деректері де анықталуда.

Мәселен, жолдың қарсы бағытына шығып, басып озу дерегі бойынша 10-ға жуық автокөлік анықталып, жүргізушілерге қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталды. Бұдан бөлек, LED және ксенон жарық шамдарын орнатқан Volkswagen Polo автокөлігі тоқтатылып, жүргізушіге шара қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру