Атырауда төленбеген 3,5 млн теңгеге жуық айыппұлы бар 12 автокөлік анықталды
Атырауда бір күнде төленбеген 3,5 млн теңгеге жуық айыппұлы бар 12 автокөлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бір күн ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген 3 млн 450 мың теңгені құрайтын айыппұлдары бар 12 автокөлікті анықтады.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы 1,3 млн теңгеден астам қаржыны құрайтын төленбеген 48 айыппұлы бар Армения елінен әкелінген Mercedes Benz және 667 734 теңгені құрайтын 29 айыппұлы бар Грузия елінен әкелінген Lexus автокөліктерін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Бағыттама бойынша аталған автокөліктерді патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, арнаулы тұраққа қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.