Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда "Түнгі қаладағы балалар" шарасы барысында ата-аналардың жауапкершілігі тексерілді

Атырауда бір күнде 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуын болдырмау, олардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ қараусыз және панасыз қалу жағдайларының алдын алу мақсатында 27-29 шілде күндері Атырау облысы аумағында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталған іс-шара аясында жергілікті полиция қызметкерлері ішкі істер органдарының есебінде тұрған жасөспірімдер мен қолайсыз отбасылардың тұрғылықты мекенжайларына барып, нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратты.

Іс-шараның алғашқы күнінің өзінде 97 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде:

  • 84 жағдайда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе тұрғын үйден тыс жерде жүргені;

  • 10 дерек – ата-аналардың немесе заңды өкілдердің бала тәрбиесі мен білім беру, сондай-ақ оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамауы;

  • 3 жағдайда ойын-сауық мекемелері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта өз орындарында болуына жол бергені анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру