Атырауда «Түнгі қаладағы балалар» шарасы қорытындыланды
Атырау полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара барысында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген 17 жасөспірім анықталып, жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұдан басқа 2021 жылдың 19 наурызы күні ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері ІІО-ның есебінде тұратын отбасыларды мекен-жайлары бойынша тексеру барысында жасөспірім балаларының көзінше алкогольдік ішімдік ішкен азаматшаны анықтап, оған қатысты кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.