Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда тұрақтан автобус айдап кеткен ақмолалық ұсталды

Атырауда тұрақтан автобус айдап кеткен ақмолалық ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қараша күні сағат 08:20 шамасында Атырау қаласының тұрғыны тұрақта тұрған автобустың жоғалғандығы жөнінде "102" арнасына хабарлама берген.

Полицейлер келіп түскен 42 жастағы жәбірленушінің хабарламасы бойынша бірден іздестіру жұмыстарына кірісті.

Нәтижесінде, Атырау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің көмегімен күдікті табылып, анықталды. Ол Ақмола облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру