Атырауда тұрғындардан 20-ға жуық қару тәркіленді
Атырауда «Қару» іс-шарасы барысында 685 қару иесі тексеріліп, 20-ға жуық қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласы аумағында қару ұрлығы мен тіркелген қарумен жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында 4-9 қазан күндері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараны өткізу кезінде 33 тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу бойынша 18 дерек, азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу не оны есепке қою тәртібін бұзу – 14, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі және тасымалдауы бойынша 1 дерек анықталды.
Тіркелген қару иелерінің мекенжайы бойынша 685 тұлға тексерілді. Сонымен қатар қару иелерінен әкімшілік құқық бұзғаны үшін 20-ға жуық қару тәркелінді.
ҚР Қылмыстық-кодексінің 287-бабы бойынша заңсыз оқ-дәрі сақтаған деген күдікпен 4 тұлға анықталып, оларға қатысты іс қозғалды. Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобымен жедел-профилактикалық іс-шара барысында заңсыз сақталған атыс қарулар мен оқ дәрілерді анықтау, мекенжай бойынша қаруды сақтау мен тасымалдау және тіркеу тәртібінің сақталуын тексеруді ұйымдастыру жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатыр.