Атырауда тұрғыннан аса ірі мөлшердегі синтетикалық есiрткi тәркіленді
Атырауда тұрғыннан аса ірі мөлшердегі синтетикалық есiрткi тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.
13 наурыз күні полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Атырау қаласында орналасқан автокөліктер алаңында 35 жастағы тұрғынын жеке тінту кезінде 80 орам синтетикалық есірткіге ұқсас заттар табылып, тәркіленді.
– Сараптама қорытындына сәйкес, салмағы 60 грамм болатын тәркіленген синтетикалық есірткі заты екені дәлелденді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.
Айта кетейік, бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталған азамат Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.