Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда учаскелік полиция инспекторы Асқар Акимовты еске алуға арналған футболдан турнир өтті

Атырауда учаскелік полиция инспекторы Асқар Акимовты еске алуға арналған футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ұйымдастыруымен учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Асқар Акимовты еске алуға арналған полиция қызметкерлері арасында футболдан турнир өтті. Мақсаты – тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігін арттыру, командалық рух пен әріптестік ынтымақтастықты нығайту.

Турнирге Атырау облысы полиция департаменті, Атырау қаласы полиция басқармасы, №1 және №2 қалалық полиция бөлімдерінің қызметкерлерінен құралған 9 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде өзгелерден оза шапқан "Динамо" спорт және дене шынықтыру қоғамдық бірлестігі I орынды иеленді. II орын патрульдік полиция батальонына бұйырса, №1 Атырау қалалық полиция бөлімі III орынды қанжығалады. Сонымен қатар "Үздік ойыншы", "Үздік қақпашы", "Үздік шабуылшы", "Үздік қорғаушы" номинациялары бойынша үздіктер марапатталды.

Турнир соңында әріптестері Асқар Акимовтің қызметтегі адалдығы мен адамгершілігін еске алып, оның жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталатынын атап өтті. Осындай спорттық шаралар ұжым ішінде бірлікті бекемдеп қана қоймай, ерлікпен қызмет атқарған әріптестердің есімін ұмытпауға бағытталған игі дәстүрге айналып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру