Атырауда ұландықтар қарттарға концерт ұйымдастырды
Атырауда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері "Жеңіске 100 күн қалғанда" атты акциясы аясында қарттар үйіне барып, естелік сыйлықтар сыйлап, оларға арналған мерекелік концерт ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Концерт барысында бөлімнің оркестрі танымал патриоттық және әскери әндерді орындады. Көрермендер қуанышпен ән салып, тіпті би биледі. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері музыкалық нөмірлермен қатар, қойылымдар дайындап, аға буын өкілдеріне алғыс білдірді. Шара соңында қарттарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Олардың кейбіреулері өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай іс-шаралар оларға қоғамның қамқорлығы мен қолдауын сезінуге көмектесетінін атап өтті.
- Жастардың бізді ұмытпағанына қуаныштымыз. Біз сүйікті әндерімізді рахаттанып тыңдадық, - деді қарттар үйінің тұрғыны.
- Бүгінгі акция Жеңістің 80 жылдығына орайластырылып, "Жеңіске 100 күн қалғанда" акциясы аясында өтуде. Біз ата-бабаларымыздың бейбітшілік пен бостандықтың негізіне айналған ерлігі мен табандылығын құрметтейміз. Қазақстандықтар жеңіске орасан үлес қосты, біздің парызымыз – осыны жадымызды сақтау. Ұлттық ұлан батырлық пен патриотизмнің нағыз үлгісін көрсеткен ардагерлерге ерекше құрметпен қарайды, - деп атап өтті "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бақыт Алазов.
Айта кетейік, акция еліміздің әр өңірінде өткізіліп жатыр, ардагерлерге құрмет көрсету осы науқанның дәстүріне айналған. Мұндай іс-шаралар қарттарға қамқорлықты күшейтіп қана қоймай, жастардың патриоттық сезімін нығайтуға да ықпал етеді.