Атырауда «ұрланған» автомагнитола тұрғынның үйінен табылды
Атырауда «ұрланған» автомагнитола тұрғынның үйінен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 желтоқсан күні сағат 21:20 шамасында Атырау облысы Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз адам қоңырау шалып, көлігінің автомагнитоласын ұрлап кеткендігі жөнінде бірнеше рет хабарлама берген.
Тексеру барысында берілген хабарламаның жалған екендігі анықталды.
Белгілі болғандай, 43 жастағы ер адам алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін, масаң күйде полицияға қалжың үшін қоңырау шалып, өзінің тоналғаны туралы хабар берген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ұрланды деген затты ер адамның өзінде екенін анықтаған.
Қызылқоға ауданының тұрғынына полиция қызметкерлеріне жалған ақпарат бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.