Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда үш күнде 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Атырауда үш күнде 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында 18-20 наурыз аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу басты назарға алынды. Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері үш күн ішінде профилактикалық есепте тұрған 538 азаматты тұрғылықты жері бойынша тексеріп, барлығы 800-ге жуық құқық бұзушылық дерегін анықтады.

Атап айтқанда:

  • Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттердің – 37;
  • Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің – 50;
  • Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс немесе ойын-сауық орындарында болуының – 66;
  • Қоғамдық орындарда тиісудің – 31;
  • Тыныштықты бұзудың – 29;
  • Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және оған білім беру бойынша – 12;
  • Ұсақ бұзақылықтың – 11;
  • Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген – 51;
  • Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың – 75 дерегі тіркелді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы кешенді жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру